«Жас математиктер»

18 қаңтар математика апталығына орай «Жас математиктер» атта 1 – 4 сыныптар аралығында сынып сағатын өткіздім.

         Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдарды игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру. Танымдық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлауын, есін, зейінін, өзіндік шығармашылық белсенділігін дамыту. Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

         «Жас математиктер» атты сынып сағаты 7 кезеңнен тұрады. Ең алдымен оқушыларды екі топқа бөліп, әділқазылар алқасымен таныстырдым. І топ: «Төртбұрыш», ІІ топ: «Шаршы».

І кезең: «Таныстыру». (Оқушылар өлең арқылы өз топтарының аттарын таныстырады).
ІІ кезең: «Үй тапсырмасы». (Үй тапсырмасына бір көрініс дайындап, көрсету).
ІІІ кезең: «Ұшқыр ой». (Екі топқа он екі сұрақ қойылды, сұрақтарға тез әрі, жылдам жауап беру).
ІҮ кезең: «Ойнайық та, ойлайық». (Екі топқа берілген алты логикалық есепті шығару).
Ү кезең: «Бәйге». (Берілген алты ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру).
ҮІ кезең: «Кім жылдам?». (Екі карточкадағы теңдеуді шешу есебін шығару).

 ҮІІ кезең: «Мені түсің!». (Топ басшыларын тақтаға шығарып, қапшықтағы сөздерді көрсету).20140118 140145

         Барлық кезеңнен өткен соң әділқазылар жеңіске жеткен «Төртбұрыш» тобын мақтау қағазымен марапаттады.20140118 141613